ҰҚШҰ Әскери комитетінің 22-отырысы өтті

22 Сәуір 2023, 20:10 908

ҰҚШҰ қорғаныс ведомстволары басшыларының бейнеконференциясы өтті

ҰҚШҰ Әскери комитетінің 22-отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Бейнеконференция режимінде өткен жиынға Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов қатысты.

Отырыста Беларусь Республикасы ағымдағы жылы төрағалық еткен кезеңде әскери саладағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы қызметінің басым бағыттары қаралды. Ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері мен сын-тегеуріндері талданды.

Әскери комитет мүшелері ұйымдағы Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарының бірлесіп даярлайтын шараларын, сондай-ақ оған мүше елдердің әуе кеңістігінде ұшуды орындау мәселелерін де талқылады.

ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысы барысында Ұйымға мүше елдер қорғаныс министрлерінің өткен жылдың қаңтар айындағы ұсыныстарын іске асыру жайында айтылды.

EL.KZ
Бөлісу: