ҰҚК заңсыз көші-қон ұйымдастырған шетелдікті ұстады

22 Тамыз 2023, 11:43 1086

Оңтүстік Азия мемлекеттерінің төрт азаматын елге заңсыз өткізбек болған шетелдік ұсталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 13 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚК департаменті және облыстық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Оңтүстік Азия мемлекеттерінің төрт азаматы үшін заңсыз көші-қон ұйымдастырды деген күдікпен шетелдік азаматты ұстады, - делінген ҰҚК мәліметінде.

Қылмыстық кодекстің 394 бабының 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

2023 жылдың басынан бері Қостанай облысының аумағында 32 шетелдік ұсталды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: