ҰҚК Шекара академиясында жас офицерлерге диплом табысталды

30 Маусым, 13:27 292

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясында жас офицерлерге диплом табысталып, кезекті шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

128 түлекке көптен күткен бірінші лейтенант атағы берілді.

Салтанатты іс-шараға ҰҚК басшылығы мен ардагерлері, сондай-ақ курсанттардың ата-аналары қатысты, олар түлектерді құттықтап, ҰҚК Шекара қызметінің офицері атағын абыроймен алып жүрулерін тіледі.

Қалыптасқан дәстүр бойынша іс-шара Академияның жауынгерлік тумен қоштасуы және түлектердің салтанатты шеруімен аяқталды. 

(Фото: ҰҚК баспасөз қызметі)

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: