ҰҚК қызметкерлері бірнеше өңірде арнайы операция бастады

17 Ақпан, 14:23 892

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бүгін еліміздің бірнеше өңірінде құрамында деструктивті діни ағымды ұстанушылар бар қылмыстық топтардың іс-қимылының жолын кесу бойынша операцияны бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында арнайы операцияны бастаған.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері жақын күнде жарияланады.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Әділбек
Бөлісу: