ҰҚК қос азаматтығы бар 54 адамды ұстады

11 Ақпан 2023, 15:32 845

Өткен қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өткізу пунктерінде екі азаматтығы бар адамдардың шекарадан өтуінің 54 фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ҰҚК мәліметінше, мұндай заңбұзушылыққа негізгінен Ресей, Түрік және Қытай елдерінің азаматтары барған.

«Ұсталған адамдар одан әрі тексеру жүргізу үшін полиция органдарына берілді. Шекара қызметі халықаралық байланыс арналарында екі азаматтығы бар адамдарды анықтау бойынша күшейтілген жұмысты жалғастырады», - делінген ведомство хабарламасында.

EL.KZ
Бөлісу: