ҰҚК «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қаруды тапты

7 Маусым 2023, 20:20 1110

Табылған қару-жараққа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы сәуір және мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірге, сонымен қатар прокуратура органдарымен әрекеттесе отырып, қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның ішінде «қаңтар» оқиғалары кезінде ұрланғандары да бар.

Нәтижесінде 42 бірлік қару («МР-40» автоматы, «Драгунов» снайперлік винтовкасы, 22 мылтық, 18 тапанша), 8 граната, РПГ-ның 2 снаряды, 4051 түрлі калибрлі оқ-дәрі, сонымен қатар броньды қорғаныс кеудешелер, автоматтардың оқжатарлары, радиостанциялар және пышақтар тәркіленді.

Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заңсыз айналымда жүрген қару-жарақты іздестіру мен тәркілеу іс-шаралары жалғасуда.

Перизат Саденова
Бөлісу: