ҰҚК интернетте терроризмді насихаттаған Алматы тұрғынын ұстады

6 Қазан 2023, 14:26 917

5 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен әрекеттесе терроризмді интернет желісі арқылы насихаттағаны үшін Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.
  
Ұсталған адам бұған дейін жалпы қылмыстық қылмыстар жасағаны үшін сотты болған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: