ҰҚК Еуропаға мигранттарды заңсыз өткізбек болған қылмыстық топты ұстады

26 Қыркүйек 2023, 21:07 630

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырды және пара берді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматы мен шетелдікті ұстады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Тергеу болжамы бойынша, олар заңсыз мигранттарды Қазақстан аумағы арқылы Еуропа елдеріне өткізуді жоспарлаған.

Тінту барысында қолдан жасалған құжаттар, сондай-ақ бірқатар шет мемлекеттердің өткізу пункттерінің күні көрсетілген мөртабан таңбалары анықталды, - делінген мәліметте.

Материалдар Қылмыстық кодекстің 367 және 394-баптары бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Берік Арманов
Бөлісу: