ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті есірткі зертханасын жолын кесті

13 Қаңтар, 17:45 840

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні өндіру және тарату әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2024 жылғы 3 қаңтарда Алматы қаласына жақын орналасқан жалға алынған жеке үйде есірткіні дайындау кезіндегі қылмыс үстінде жедел қызметкерлер екі шетелдік азаматты ұстады.

Тінту барысында заңсыз айналымнан 30 кг «альфа-PVP» психотропты затының дайын өнімі, сондай-ақ 5.5 тоннадан астам прекурсорлар алынды. Қолда бар мәліметтер бойынша есірткілер интернет арқылы сату жолымен Қазақстанда таратылуға арналған.

Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 

Жансая Әділбек
Бөлісу: