Алматы әуежайында паспорттық бақылаудан жалған құжатпен өтпек болған шетелдік анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ҰҚК мәліметінше, 2024 жылғы 4 сәуірде Алматы қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері паспорттық бақылау жүргізу кезінде Бразилия азаматының жалған төлқұжатын ұсынған шетелдікті ұстады.
Аталған адамды жеке тінту кезінде аяқ киімнің табанына жасырылған жасанды төлқұжат табылды және алынды.
Нәтижесінде шетелдік азамат депортацияланды.