ҰОК президенттігіне Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылды

14 Ақпан, 22:27 1362

Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенттігіне қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кандидатурасы  ұсынылды, деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы басылым редакциясына құжат жеткен.

Бүгін, 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің Тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда президенттікке кандидаттарды ұсыну  мәселесі қаралған.

Головкинді бұл лауазымға Олимпиадалық спорт федерациялары ұсынған.

Еске салсақ, бұған дейін бұл лауазымға Геннадий Головкин тағайындалатыны туралы ақпарат тараған болатын. 

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: