07.12.2025
13:55
447
Үндістанда түнгі клуб өртеніп, 25 адам ажал құшты

Үндістанда түнгі клуб өртеніп, 25 адам ажал құшты

Үндістанның Гоа штатындағы Арпора аймағында орналасқан түнгі клубта өрт шығып, 25 адамның өмірін жалмады. Тағы алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жергілікті билік өкілдері қаза тапқандардың арасында шетелдік туристер де бар екенін хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт клубтың асханасында газ баллонының жарылуынан басталып, әп-сәтте бүкіл ғимаратқа тараған. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі анықталуда.