23.07.2023
08:30
1258
Үндістанда лай көшкінінен 26 адам қаза тапты

Үндістанда лай көшкінінен 26 адам қаза тапты

Бұған дейін 22 адамның қайтыс болғаны туралы айтылған, El.kz ақпарат агенттігі.

Үндістанның Махараштра штатында болған лай көшкінінен қаза тапқандар саны 26-ға жетсе, тағы 90-ға жуық адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Құтқарушылар тағы төрт адамның денесін тапты, көз жұмғандар саны 26-ға жетті: 25 жергілікті тұрғын және бір өрт сөндіруші, - дейді полиция.

Бейсенбіге ауған түні Райгад округінде орналасқан ауылдағы үйлерді лай көшкіні басып қалған. Салдарынан 48 үйдің 17-сі қираған. Ауылда тұратын 200 тұрғынның 86-сы жоғалғандар қатарында.