Үндістанда Чандипура вирусынан 16 адам көз жұмды

22 Шілде, 09:18 640

Үндістанның Гуджарат штатында әзірге жан-жақты зерттелмеген, бірақ тез таралып жатқан Чандипура вирусы өршіді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазірдің өзінде індет 16 адамның өмірін жалмаған.

Чандипура вирусы маса, кене мен шіркейлердің шағуы арқылы тарайды. Белгілері — ісіну және диарея — энцефалит вирусына ұқсас, сондықтан онымен күрес қиындық туғызып жатыр.

Чандипура әлі дұрыс зерттелмегендіктен, оған қарсы ем де, вакцина да жоқ.

Індетпен күресу үшін билік вирус анықталған аудандарға малатион ұнтағын шашуды тапсырды. Сонымен қатар дәрігерлерге тез арада науқастарды емдеу тәсілдерін ойлап табуға бұйрық берілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: