Үндістанда аптап ыстықтан 166 адам көз жұмды

20 Маусым 2023, 10:15 802

Үндістанда кейнгі бірнеше күнде аптап ыстықтан 166 адам көз жұмды, тағы жүздегені ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, аптап ыстық Уттар Прадеш (119 адам қаза болды) және Бихар (47 адам) штаттарында тіркеліп отыр.

Бірқатар ауданда температура 43,5 градусқа жетті.

Бихар провинциясының әкімшілік орталығы – Патна қаласында 24 маусымға дейін каникул жарияланды.

Билік өкілдері күннің көзі ұясына батқанша ғимараттан тыс шықпауға үндеді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: