30.05.2025
09:50
1263
Үндістанда 17 күн ішінде жолбарыстар 13 адамды өлтірді

Үндістанда 17 күн ішінде жолбарыстар 13 адамды өлтірді

Үндістанның Чандрапур округінде 17 күн ішінде жолбарыстардың шабуылынан 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Бұл туралы The Free Press Journal басылымы хабарлады.

Оқи отырыңыздар:

Басылым мәліметінше, тағы екі өлім жағдайы Махараштра штатындағы Тадоба-Андхари қорығында тіркелген.

Жергілікті тұрғын әйел күйеуі және таныстарымен бірге орманда бамбук теріп жүрген. Сол сәтте оған жолбарыс шабуыл жасап, әйелді талап өлтірген. Біршама уақыт өткен соң дәл сол ауданда тағы бір шабуыл болды. Бұл жолы жолбарыстың құрбаны ер адам болды, – деп хабарлайды басылым.