27.10.2025
07:01
454
Үндістан мен Қытай арасындағы тікелей әуе қатынасы қайта жанданды

Үндістан мен Қытай арасындағы тікелей әуе қатынасы қайта жанданды

Екі ел арасындағы тікелей әуе рейстері 26 қазаннан бастап қайта іске қосылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бес жылдық үзілістен кейінгі алғашқы рейсті әлемдегі ең ірі әрі Азиядағы екінші ірі әуе компаниялардың бірі - IndiGo орындады. Ұшақ Калькуттадан Гуанчжоуға бағытталып, шамамен үш жарым сағат ұшты.

Ұшу жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 22:00-де басталып, таңғы төрттер шамасында қонған.

Қытайдың ең ірі әуе тасымалдаушысы China Eastern Airlines те өз бағыттарын 9 қарашадан бастап іске қосады. Компанияның ұшақтары Шанхай – Дели бағыты бойынша аптасына үш рет қатынайтын болады.