Үндістан мен Канада дауласып қалды

16 Қазан, 09:43 327

Канада мен Үндістан арасында дипломатиялық дау туындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үндістан билігі канадалық алты дипломатты, соның ішінде канадалық елші Стюарт Росс Уилер мен оның орынбасарын елден шығарып жіберді.

Сонымен қатар Үндістан Сыртқы істер министрлігі өзінің Канададағы елшісі Санджай Кумар Верма мен өзге де дипломаттарын қауіпсіздік мақсатында еліне қайтарды. Бұған Канада билігінің елшіні Пенджаб аймағында Үндістаннан тәуелсіз мемлекет құру туралы бастама көтерген Сингх Ниджардың өліміне қатысы бар деп айыптауы себеп. Сикх эмиграциясының көшбасшысы Ванкуверде өлтірілген болатын. Үндістан тарапы мұны жабылған жала деп, Канаданы экстремизмді қолдады деп айыптады. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: