Ұлытаудағы шахта апатына байланысты үкіметтік комиссия құрылды

Ұлытаудағы шахта апатына байланысты үкіметтік комиссия құрылды

Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  El.kz ақпарат агенттігі. 

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында шахтаның опырылуының себептерін анықтау және  зардап шеккендерге көмек көрсету үшіні арнайы комиссия құрылды.
Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.

Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін оқиға орнына шұғыл бару тапсырылды.

Еске салсақ,  17 ақпанда  "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі "Жомарт" кенішінде 640 метр тереңдікте тау жынысы опырылып, 7  жұмысшы үйінді астында қалды. Сондай-ақ үйінді астында қалған жұмысшылардың аты-жөндері белгілі болды.