27.05.2025
01:19
1018
Ұлытауда тұрғын үй аумағындағы гаражда көлік өртеніп кетті

Ұлытауда тұрғын үй аумағындағы гаражда көлік өртеніп кетті

Ұлытау облысында төтеншеліктер жарылыстың алдын алды. Оқиға Жаңаарқа кентінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жеке тұрғын үйдің аумағындағы шаруашылық құрылысына жапсарлас салынған гаражда жеңіл автокөлік жанып кеткен. Құтқарушылар көрші гараж бен жазғы ас үйден шұғыл түрде 6 газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды.

Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның шығу себебі анықталуда.