Ұлытауда ТЖД қызметкерлері өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану бойынша мастер-класс өткізді. Іс-шара Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 жыл – 30 ізгі іс» акциясы аясында өтті , деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құтқарушылар балаларға өрт сөндіру құралдарын қалай қолдануды көрсетіп қана қоймай, оттың қаншалықты қауіпті екенін және қауіпсіздік ережелерін сақтау неге маңызды екенін түсіндірді.
Іс-шара соңында балаларға естелік сыйлықтар мен өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған күнтізбелер табыс етілді.