23.08.2025
18:01
450
Ұлытау және Ақтөбе облыстарында жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді

Ұлытау және Ақтөбе облыстарында жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді

Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын кешенді тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша құрамына өңірлік инспекторлар, Премьер-министрдің кеңесшілері Ермек Маржықпаев пен Ералы Тоғжанов енген үкіметтік жұмыс топтары коммуналдық нысандардың жай-күйімен және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Ұлытау облысында Ермек Маржықпаев Жезқазған қаласының ЖЭО мен Сәтбаев қаласының жылу стансасындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, сондай-ақ қалалық магистральдық жылу желілерінің құрылысы мен реконструкциясын тексерді. Бүгінгі таңда өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары 66%-ға, электр желілерін жөндеу жұмыстары 74%-ға орындалған.

Ақтөбе облысында Ералы Тоғжанов Ақтөбе қаласының ЖЭО, «Батыс-2» және «Ақтөбе-сити» қазандықтарының, сондай-ақ «Aqtobe su-energy group» АҚ жүктемелеріне дайындығын тексерді. Инвестициялық бағдарламалар аясында кәсіпорындарда негізгі жабдықтар мен желілердің тозуын азайтуға мүмкіндік беретін жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда аймақтың қыс мезгіліне жалпы дайындығы 85%-ды құрайды. 

Жылыту маусымына дайындық Үкіметтің ерекше бақылауында тұр.