08.07.2023
23:19
1130
Ұлытау облысындағы өрт толық сөндірілді

Ұлытау облысындағы өрт толық сөндірілді

Ұлытау облысындағы құрғақ шөп жануы сағат 20:06-да толық сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт аумағын жергілікті атқарушы органдардың құзыретті қызметтері белгілейді.

Өртті сөндіруге Ұлытау облысының ТЖД өрт сөндіру қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жіберілді.

Бұған дейін мамандар өртенген құрғақ шөптің аумағы оқшауланғанын айтқан болатын.