28.07.2023
09:00
1238
Ұлытау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды

Ұлытау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды

Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 27 шілде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тас жолында болған. ҚР ІІМ мәліметінше, Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты.

Салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - делінген мәліметте.

Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.