05.01.2025
09:27
912
Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Ұлытау облысында кеше кешке жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда-Павлодар тас жолында екі көлік бетпе-бет соқтығысты. Соққының күшті болғаны сонша, көліктердің бірі жолдан шығып, жыраға құлап кеткен. 

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы ekaraganda.kz парақшасында жарияланды. 

Жазба астында Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірген. Полицейлердің мәліметінше, 4 қаңтарда Қызылорда-Павлодар тасжолында екі көлік соқтығысып, жол апаты болған.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, оқиғаның барлық мән-жайы мен себебін анықтап жатыр. Басқа мәліметтер нақтыланған жоқ, - делінген хабарламада.