Ұлытау облысында 2500 гектар жер өртенді

27 Шілде 2023, 21:02 619

26 шілдеде сағат 16:47-де Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Шалғия кентінен батысқа қарай 20 км жерде құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт аумағы 2500 гектарды құрады.

Оқи отырыңыз:

Өртті сөндіруге Ұлытау облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі мен жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдары жұмылдырылған.

Өртті 17 адам мен 4 бірлік техника сөндірді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, - делінген мәліметте.

Ұлытау облысы ТЖД  азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Перизат Саденова
Бөлісу: