Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды

9 Қазан, 09:55 1029

Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорда мәліметде.

Мұның алдында осы қызметті 2022 жылғы 11 маусымнан бері атқарып келген Берік Әбдіғалиұлы қызметтен босатылып еді.

Рыспеков Дастан 1984 жылы Жезқазған қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. 

2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары — Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы, Павлодар қ.. 

2019 жылдың сәуір айынан бастап «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.

2020-2021 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы.

Ал әкім болып тағайындалғанға дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: