Ұлықпан Жолдасов түрмеден шыққан Мұрат Әбділдаға үндеу жасады

18 Қыркүйек 2023, 09:59 16082

Танымал әнші Ұлықпан Жолдасов түрмеден шыққан Мұрат Әбділдаға іздеу салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлықпан Жолдасов оған Астанаға келгенде хабарласуын айтып, әндерін жазуға көмектесетінін тілге тиек етті.

Мұратжан, Мұраттар көп қой, соның ішінде Әбілда. Шықты деген жақсы жаңалық естіп жатырмын. Хабарлас, Астанаға соқ, әндеріңді шығаруға көмектесемін, біраз әндер жазып тастаған екенсің. Соңғы сұхбатың ұнады. Таба алмай жатсаң, Ғаділбек Жанайға хабарлас, - деді Жолдасов.

 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: