19.01.2024
21:32
1648
Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі еліміздің көне жазба мұраларымен танысты

Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі еліміздің көне жазба мұраларымен танысты

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич арнайы келіп, еліміздің көне жазба мұраларымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде тараптар бірлескен іс-шараларды өткізу, Ұлыбритания мен Қазақстанның ортақ мәдени ынтымақтастықты дамыту жолдары мен жазба мұраларды анықтау, қалпына келтіру, сақтау мәселелерін талқылады.

Елші Ұлттық орталықтың мәдени мұраны дамытуға қосқан үлесін айрықша атап өтіп, орталық жұмысына сәттілік тіледі.