Ұлыбританияда премьер-министр ауысты

5 Шілде, 18:08 617

Лейбористік партия көшбасшысы Кир Стармер Букенгем сарайында Карл III патшамен кездесуден соң ресми түрде Ұлыбритания премьер-министрі атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кир Стармер – Лейбористік партия атынан премьер-министр атанып отырған жетінші адам. Бұған дейін лауазымды қызметті атқарған Риши Сунак отставкаға кету туралы өтініш берді, себебі оның партиясы мерзімінен бұрын өткен сайлауда жеңіліс тапты.

Жаңа премьердің жасы 61-де, мамандығы – заңгер.

Сайлауалды кампаниясында шекара күзетін арттырып, салықты төмендетуге және ЕО елдерімен қарым-қатынасты жақсартуға уәде берген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: