13.12.2025
12:23
474
Ұлыбритания королі қатерлі ісікпен күресі туралы мәлімдеме жасады

Ұлыбритания королі қатерлі ісікпен күресі туралы мәлімдеме жасады

Ұлыбритания королі Карл III қатерлі ісікке қарсы ем қабылдау барысы және ерте диагностиканың маңызы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Корольдің айтуынша, ауруды бастапқы кезеңде анықтау емдеу үдерісіне оң әсер етіп, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Король бұл туралы The Royal Family арнасының YouTube платформасындағы бейнеүндеуінде айтты. Оның сөзінше, дер кезінде жасалған тексерулер мен дәрігер нұсқауларын қатаң сақтау емдеу мерзімін қысқартуға жол ашқан.

Мен сіздермен жағымды жаңалықпен бөліскім келеді. Ерте диагностика, тиімді медициналық араласу және дәрігер кеңестерін бұлжытпай орындаудың арқасында менің қатерлі ісікке қатысты емдеу кестем жаңа жылы қысқаруы мүмкін, - деді Карл III.

Монарх Ұлыбританияда шамамен 9 миллион адамның міндетті медициналық тексерулерден өтпей жүргенін атап өтті. Бұл олардың ауруды ерте анықтау мүмкіндігін жіберіп алуына себеп болып отыр. Осыған байланысты король дәрігерлерге, мейірбикелерге, зерттеушілер мен еріктілерге алғысын білдіріп, диагностика мен емдеуге бағытталған бағдарламалардың маңызын ерекше атап өтті.

Жанашырлық нақты әрекетпен ұштасуы тиіс. Әрбір адам өзіне және жақындарына төнуі мүмкін қауіптің алдын алу үшін медициналық тексеруден өту құқығын міндетті түрде тексеруі керек, - деді ол.

Карл III өз тәжірибесіне сүйене отырып, қатерлі ісік диагнозының адамға ауыр соққы болып тиетінін жасырмады. Алайда, оның айтуынша, ауруды ерте анықтау емдеу бағытын түбегейлі өзгертіп, дәрігерлер мен науқастарға ең қымбат ресурс - уақыт пен үміт сыйлайды.

Ерте анықтау - бұл емдеудің бүкіл жолын өзгерте алатын шешуші кілт, - деп түйіндеді Ұлыбритания королі.