Астанадағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға 4 000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады.