Ұлттық ұлан қызметкері әріптесінің қолынан көз жұмды

13 Қараша 2023, 17:14 960

Қызметкер алған жарақатынан қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға 12 қарашада болған. Ұлттық ұланның әскери қызметшісін әріптесі байқаусызда атып жіберген.

Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісін әріптесі абайсызда атып жіберді. Ол шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Бірақ әскери қызметшіні құтқару мүмкін болмады, - деп мәлімдеді Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Қазіргі күні қызметтік тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: