14.01.2025
19:00
1007
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары тағайындалды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігімен келісім бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен полковник Абзал Жұматаев Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полковник Абзал Ғабдоллаұлын Ұлттық ұланда өткен Әскери кеңесте Бас қолбасшылықтың басшылық құрамына Ішкі істер министрі Ержан Сәденов таныстырды.

1997 жылдан бастап мансаптық жолынбастаған  Абзал Жұматаев өзін Ішкі істер органдары жүйесінде әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет еткен тәжірибелі офицер.