Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты, деп хабарлайды El.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады.
Қазан айында біз ҰБТ-ға дайындық үшін тегін онлайн тестілеуді іске қостық. Осы уақытқа дейін тестілеу 470 мың рет тапсырылған. Көптеген мектеп түлектері тест тапсырмаларымен танысты деп ойлаймын. Яғни, талапкерлерге биыл IT-мамандыққа түсу үшін міндетті саналатын «Математика-Информатика» пәндерінің комбинациясы қолжетімді. Сонымен қатар болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен таныса алды. Енді біз базаны жаңартып, балалардың бас емтиханға дайындығын жақсарту үшін жаңа сұрақтар базасын ұсынып отырмыз, – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.