Ұлттық табиғи паркте жабайы жануарлар фототұзаққа түсіп қалды

18 Қараша, 22:05 357

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жабайы жануарлар фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оынң видеосын Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті желі парақшасында жариялады. 

Шарын МҰТП-нің Сартоғай аумағында орнатылған фототұзаққа жануарлар тіркеді. Анықталған түрлердің ішінде жабайы доңыз (Sus scrofa) және елік (Capreolus capreolus) ерекше назар аудартады. Бұл нәтижелер өңірдің биологиялық әртүрлілігінің жоғары екенін дәлелдеп, жануарлардың мекен ету ортасын зерттеуге мүмкіндік береді. Алынған мәліметтер жабайы жануарлар мен олардың мекендеу ортасын қорғау шараларын жетілдіруге көмектеседі,-делінген комитет ақпаратында.

 

Зарина Арман
Бөлісу: