Ұлттық қордан ақша алу үшін Egov-та баланы тіркеу керек пе

5 Қаңтар, 12:47 1333

Бүгінгі таңда Egov электронды үкімет порталында дерекқорда тіркелген барлық балалар көрсетіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сирек жағдайларда, цифрлық құжаттарда кейбір балалар ата-аналарда мүлдем көрсетілмеуі немесе қате көрсетілуі мүмкін. Дегенмен, бұл олардың төлемдерді алуына әсер етпейді және ата-ана мен бала арасындағы туыстық қарым-қатынас тек цифрлық құжаттарда анықталмағанын білдіреді. Қазақстан азаматы болып табылатын әрбір бала Egov порталында көрсетілген деректерге қарамастан Ұлттық қордан төлемдер алады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін «Баланы қосу» функциясы енді цифрлық құжаттар бөлімінде қолжетімді және бұл функцияны пайдалану үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:

1) eGov Mobile мобильді қосымшасын соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.

2) Цифрлік құжаттардағы «Отбасы» бөліміне өтіп, «Баланы қосу» түймесін басыңыз.

3) Осыдан кейін «Балалар туралы ақпаратты жаңарту» қызметі ашылады, ондағы барлық жолдарды толтырып, туу туралы куәлікті тіркеп, өтініш беру қажет.

Өтініштерді АХАЖ қызметкерлері 2-ден 5 жұмыс күн ішінде қарастырады. Өңдеу аяқталғаннан кейін сіз хабарлама аласыз және бала жайлы ақпарат цифрлық құжаттарда пайда болады.

Осы қадамдарды орындау арқылы сіз eGov.kz және eGov mobile цифрлық құжаттарында балаңызбен туыстық қарым-қатынас орната аласыз.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: