Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды

23 Қыркүйек, 16:04 475

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды.

Ал Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов атқарып келді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: