Ұлттық қауіпсіздік комитеті ауқымды операцияны жүзеге асырды

2 Тамыз 2023, 06:36 755

2023 жылғы 30 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы аумағында синтетикалық есірткінің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК жедел қызметкерлері зерделеу барысында психотроптық заттарды әзірлеу үшін және оны одан әрі ТМД елдерінде сату мақсатымен Қазақстанға келген шетелдік азаматтарды анықтады.

Тінту барысында 100 келіге жуық «а-PVP» психотроптық заты, прекурсорлар, сонымен қатар синтетикалық есірткі өндірісіне арналған заманауи құрылығы табылып, тәркіленді. Цех 0.5 гектар аумақты алатын жерде орналасқан.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

Перизат Саденова
Бөлісу: