17.03.2023
17:18
2282
Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция жүргізіп, 13 адам ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция жүргізіп, 13 адам ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 3 қалада арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҰҚК сілтеме жасап.

15-16 наурызда ҚР ҰҚК Ресейдің қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып Алматы, Қызылорда және Байқоңыр қалаларында қылмыстық әрекеттің 13 жетекшісі мен белсенді қатысушыларын ұстау бойынша біржолғы арнайы операция жүргізді, - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ұсталғандардың өзге де қылмыстар жасауға қатыстылығы анықталуда.

Жалпы айта кетсек, жыл басынан дәл осындай шара Байқоңыр қаласы мен Қызылорда облысында жүргізілді.