Алматы облысы Кеген ауданы аумағында орналасқан «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің таулы жерінде 2023 жылы дүниеге келген бүлдіршін жоғалды. Бұл туралы облыстық ТЖД 112 пультіне хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іздестіру-құтқару жұмыстары үшін жедел-құтқару жасағының кезекші ауысымынан механикаландырылған патруль тобы дереу жеткен. Жедел жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде бала аман-есен табылды. оған медициналық көмек қажет болмаған. Бала ата-анасына тапсырылды.
Осы ретте ТЖМ тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.