07.03.2023
09:09
1259
Ұлттық нақышта безендірілген мерекелік пойыз жолға шықты

Ұлттық нақышта безендірілген мерекелік пойыз жолға шықты

Астана – Алматы бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген мерекелікТальго жолға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
6 наурызда елорда вокзалынан Астана – Алматы бағыты бойынша Наурыз мерекесі қарсаңында безендірілген №3/4 Тальго пойызы алғашқы сапарға аттанды.
 
Тальго этнопойызы – "Жолаушылар тасымалы" АҚ мен Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен жобасы.