Ұлттық музейде жаңа көрме ашылды

12 Қараша, 23:13 393

Астандағы Ұлттық музейде Қазақстанның Халық суретшісі Нағым-Бек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экспозиция еліміздің жетекші музейлері қорындағы 50-ге жуық туындыдан құралған. «Туған өлкенің пейзаждары» және «Еңбек пен құрмет: еңбек адамдарының портреттері» атты екі тақырыптық бөлімнен тұрады. Олар суретшінің туған жерімен және оның адамдарымен терең байланысын көрсетеді.

Көрменің ашылуына суретшінің жақындары, өнертанушылар мен мәдени қайраткерлері қатысып, оның мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан елеулі үлесі туралы ой бөлісті. Мәдени шара желтоқсан айының 8-не дейін ашық болады.

Зарина Арман
Бөлісу: