Ұлттық киім киген Тасмағамбетовтің қызы мен күйеу баласы жұртты сүйсінтті

23 Қазан 2023, 14:55 39599

Қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев пен оның жұбайы, Иманғали Тасмағамбетовтің қызы Әсел екеуінің ұлттық нақышта киініп түскен суреті көпшіліктің оң бағасын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Рақышевтің жарымен бірге Атырауға барып, отандық дизайнердің шапанын киіп түскен суретін кәсіпкер Арман Тұғаев өз парақшасында жариялады.

Соңғы кездері қоғамда қазақ халқының ұлттық киімдерін дәріптеу тренді бұқаралық деңгейге шығып келе жатқаны қуантады. Бүгін Атырауға жұбайымен бірге Кеңес ағамыз келді. Көптің алдында қазақтың керемет оюлы шапанын киіп жүргендеріне риза болып отырмыз, - деп жазды кәсіпкер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Arman Tugaev 🇰🇿 (@tugayev.arman)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: