Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді

31 Наурыз 2023, 15:30 1054

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді. Енді Перзидент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы деп аталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің барлық жетекші елдеріндегі сияқты мекеме қызметкерлерінің мәртебесі де артатынын айтқан еді. Ғалымдар қауымы тарихи шешімді қуана қабылдады.

Жақын арада Ұлттық Кеңестің ғылым және технология бағытындағы отырысы өтеді. Соның нәтижесінде алға тартар сұрақтар мен ғылым пиоритеттері талқыланып, соған сәйкес өндіріске бірқатар өзгеріс енгізіледі деп ойлаймыз, - дейді Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки.

Ал М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы Дария Қожамжарова бұл шара үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.

Біздің осы Ұлттық статусқа келуіміздің өзі   үлкен перспективаларды ашады. Оған отандық ғылымның дамуы, ғылыми коллобарацияның жүзеге асуы жатады, - деді ол.

EL.KZ
Бөлісу: