Ұлттық экономика министрінің інісі «Қазатомөнеркәсіпте» басшылық қызметке тағайындалды

10 Шілде 2023, 16:19 915

Бұған дейін ол Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ермек Қуантыров «Қазатомөнеркәсіпте» жаңа қызметке тағайындалды. Компания мәліметінше, ол 2023 жылғы 5 шілдеден бастап «Қазатомөнеркәсіптің» құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды.

Қуантыров мырзаның функционалдық міндеттеріне құқықтық қамтамасыз ету процесіне басшылық жасау, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ету, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ кешенді басқаруды жүзеге асыру және сатып алу процестері мен компанияның корпоративтік басқаруына басшылық жасау кіреді, - делінген мәліметте.

Ермек Қуантыров 1989 жылы туған. 1.0 президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, Әділет министрлігінде әртүрлі басшылық лауазымда жұмыс істеген, соның ішінде Ұлттық зияткерлік меншік институтын (Қазпатент) басқарды, сонымен қатар Колумбия университетінің құқық магистрі (LL.M.) дәрежесіне ие.

«Қазатомөнеркәсіптің» құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалғанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

Ал оның ағасы Әлібек Қуантыров – ұлттық экономика министрі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: