Ұлттық экономика министрі Қарашығанақ кен орнында болды

20 Тамыз 2023, 11:03 1016

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Әлібек Қуантыров «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясының қызметімен танысты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі

ҰЭМ басшысына негізгі өндірістік көрсеткіштері көрсетілді. Сондай-ақ, компанияның өңірлік әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысуы туралы ақпарат берілді. Мұнда тұрақты негізде 3,8 мың адам жұмыс істейді. Олардың көпшілігі қазақстандық мамандар.

Сонымен қатар, халықты қолжетімді газбен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. КПО өкілдеріне газ өңдеу зауытын енгізуді жеделдету қажеттігі жеткізілді.

КПО - "Эни" (29,25%), "Шелл" (29,25%), "Шеврон" (18%), "ЛУКОЙЛ" (13,5%) және "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ (10%) бірлескен кәсіпорын.

Бұдан соң министр «Конденсат» АҚ-ға барды. Зауыттың негізгі міндеті - К-5 стандарттарына сәйкес келетін бензин мен дизель отынын шығару.

Қазір кәсіпорын шикізат тапшылығына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Негізгі себеп - Қарашығанақ кен орны шикізатының жоғары құны. Зауыт өкілдерінің айтуынша, мәселені шешу үшін Қарашығанақ конденсатын КПО-дағы ҚР үлесі есебінен 600 мың тоннаға дейін жеткізуді қалпына келтіру.

Өз кезегінде ҰЭМ басшысы Энергетика министрлігімен бірлесіп барлық ұсыныстарды қарауға уәде берді.

«Конденсат» АҚ-ның жобалық қуаты - жылына 850 мың тонна. Кәсіпорынның штат саны 500-ден асады. Бірақ қазіргі уақытта шикізат проблемаларына байланысты 350 адам жұмыс істейді. Қызметкерлер - 100% жергілікті тұрғындар.

Кәсіпорын сыртқы факторларға тәуелділікті жойып, БҚО мен басқа өңірлерді сапалы отынмен толық қамтамасыз ете алады.

Сонымен қатар, ҰЭМ басшысы жоғары технологиялық бекіту арматурасын өндіру және жөндеу бойынша жаңадан ашылған цехқа барды. "PetrolValves Kazakhstan" ЖШС энергетика және мұнай-газ саласында қолданылатын бекіту арматурасы мен клапандарын өндіруге бейімделген. Қазақстанда ол сервистік қызмет жүргізетін жалғыз кәсіпорын.

Зауыт жергілікті мұнай-газ кәсіпорындарына қызмет көрсетеді. Қазір жаңа өндірісте 40 жұмыс орны ашылды. Барлығы жергілікті тұрғындар.

Бүгінгі таңда компания сапалы шикізаттың, жабдықтар мен жаңа келісімшарттардың жоқтығына шағымданады. Ә.Қуантыров еліміздің батыс өңіріндегі осындай кәсіпорынның маңыздылығын атап өтті. Ағымдағы проблемаларға келетін болсақ, олар уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп қаралатын болады.

Асқар Таудай
Бөлісу: