Ұлттық экономика министрі - Нұрлан Байбазаров

6 Ақпан, 19:16 912

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұрлан Байбазаров 1975 жылы туған. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінде бастаған. 

2004-2011 жылдары - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да басқарма бастығынан бастап басқарушы директорға дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2013-2016 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

2016 жылдан 2022 жылғы қарашаға дейін - «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды.

2022 жылғы 16 қараша - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы еболып тағайындалды.

2023 жылдың 5 қазанында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ холдингі басшысы болып тағайындалды.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: