Ұлттық экономика министрі мен Халықаралық валюта қоры экономикалық ынтымақтастықты талқылады

4 Маусым 2023, 11:52 661

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссиясының басшысы, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті директорының орынбасары Николя Бланшемен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тараптар макроэкономикалық көрсеткіштер және елде жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформаларға қатысты бірқатар мәселелерді талқылаған.

Халықаралық валюта қоры миссиясының өкілдері жаңа Салық және Бюджет кодекстерін әзірлеу, сондай-ақ салық-бюджет саласындағы ашықтықты бағалау процесіне және фискалдық ережелерді әзірлеу мен іске асыру барысына үлкен қызығушылық танытып отыр. 

Сонымен қатар ҰЭМ өкілдері шетелдік сарапшыларға жаңартылған макроэкономикалық болжам және экономика секторларын дамытуды ынталандыру жөніндегі шараларын таныстырып өтті. Осыған байланысты алдағы уақытта ХВҚ Қазақстан бойынша қорытынды мәлімдеме жасайды.

Асқар Таудай
Бөлісу: