Ұлттық банкке 19 млрд теңгенің жері қайтарылды

19 Наурыз, 09:53 668

Қала прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде «Capital Bank Kazakhstan» АҚ мен «AsiaCreditBank» АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері болып табылатын борышкердің (Ш. жауап берушінің) активтері шығарылғанын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының прокуратурасының мәліметінше, жауап берушінің қарызы 15 млрд-тан астам теңгені құраған.

Прокуратура ҚР Ұлттық банкінің мүддесіне, «Ш» жауап берушінің жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді.

Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: